Қордай ауданының тұрғынынан екі келіден астам героин табылды

0 6

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері  «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қордай ауылында тұратын 45 жастағы ер адамның үйіне санкцияланған тінту жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы департаменттің басшысы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында жазды, — деп хабарлайды «ZhamvylNews» АА.

Тексеру барысында оның сарайынан шүберекке оралған екі брикет табылды. Олардың ішінде құрамында ұнтақ тәрізді заты бар екі полиэтилен орамасы табылған. Сот-химиялық сараптама актісіне сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 2 келі 51 грамм «героин» есірткі құралы.

Күдікті өз кінәсін мойындап, Қордай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.