Тараз қаласының әкімі қала тұрғындарын қабылдады

0 1

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев жеке сұрақтары бойынша қабылдауға жазылған қала тұрғындарын қабылдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кезекті қабылдауға барлығы 32 адам жазылған. Сұрақтар негізінен жер, тұрғын үй , көшелерді асфальттау және жарықтандыру мәселелері.

Барлық сұрақтар бойынша қолданыстағы заңдылықтар аясында жауаптар берілді. Қалада жақында қабылданған «Жол» бағдарламасына енгізілген жолдар жөнделетіні, бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға баратын жерлерді жарықтандыру көзделуде екендігі тұрғындар назарына жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.