Асхат Айтмағамбетов білім және ғылым министрі болып тағайындалды

0 8

Асхат Айтмағамбетов білім және ғылым министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 2019 жылдың 17 қаңтарынан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінде болып, әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерімен айналысты.

Асхат Қанатұлы Айтмағамбетов 1982 жылы 14 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келді. 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006-2012 жылдары — Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. 2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін — Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымында болды. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.