Жамбыл облысында жоба қызметкерлері «Болашаққа бағдар» автокеруенімен Шу ауданына барды

0 0

Жоба қызметкерлері «Болашаққа бағдар» ақпараттық кеңес беру автокеруенімен Шу ауданына барды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жастарды ақпараттандыруға бағытталған «Болашаққа бағдар» көшпелі кеңес беру автокеруені жұмысын Шу ауданында жалғастырды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыстық Жастар саясаты басқармасы, «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасының қызметкерлері бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, аудан активімен кездесіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.

Мәселен, «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметкерлеріне Белбасар ауылының тұрғыны Аңсабек Шопабаев шағымданып келді. Оның айтуынша 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі қызына жеке кәсіп ашуға 500 мың грант алғысы келген. Оны кәсіпкерлік бөлім тіркегенмен, жұмыспен қамту орталығы орталығы қабылдамаған.
19 жасар мүмкіндігі шектеулі қызының бір кәсіппен айналысса деген әке арманының оң шешімін табуын жоба қызметкерлері бақылауда ұстайды және тиісті мекеме қызметкерлерінің жауабын күтеміз. 

Сонымен бірге Шу қалалық емханада маман тапшылығы, 2 зейнетке шығатын маманның отырғаны айтылды. Шу қала болғандықтан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге аспайтынды. Сондықтан келген жас мамандарды алып қалу мүмкін емес, осының жолдарын қарастыруға көмек сұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.