Жамбыл облысында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтеді

0 5

Ағымдағы жылы 14- 15 маусымда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейінгі аралықта Жамбыл облысының аумағында баннерлері бар арнайы жабдықталған автобустарда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция барысында әкімшілік полиция қызметкерлері өзекті сұрақтарға жауап береді, айыппұлдарды төлеу, көлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол белгілерін орнату, учаскелік полиция инспекторлары, жол-патрульдік қызмет, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар қызметі, көші-қон қызметі және т.б. мәселелер бойынша түсініктемелер береді.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің «қауырт желі» 8(7262) 997294 телефоны «Жолдағы қабылдау» акциясы аяқталғаннан кейін де жұмыс жасайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.