Ерлан Баттақов Президентінің Іс басқарушысы қызметінде қалды

0 0

Ерлан Баттақов ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Ол осы лауазымға 2019 жылы 21 наурызда  тағайындалды. 2017 жылдың сәуір айынан бастап Президент Іс Басқарушысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

12 маусымда сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті.

Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының өкілеттігі жаңадан сайланған Президент қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте олар Мемлекет басшысы осы органдардың басшыларын тағайындағанға дейін өз міндеттерін атқарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.