Жамбыл облысында 1346 оқушы ҰБТ-ға қатысады

0 0

Жамбыл облысында биылғы жылы қала мектептерін 2144 түлек бітірсе, оның 59-ы «Алтын белгі», 48-і үздік аттестат иегерлері мен 14-і халықаралық және республикалық ғылыми жоба, пән олимпиадаларының жүлдегерлері бар, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Биыл ҰБТ-ға 1346 оқушы қатысуға өтініш білдірді. Бұл көрсеткіш барлық мектеп бітірушілердің 62,7 пайызын құрап отыр.

«АRAI PLAZA” бизнес орталығында қалалық «Алтын белгі» иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Іс — шараға Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қатысты. Салтанатты жиын барысында Қайрат Әскербекұлы үздік оқушылардың алдағы өміріне сәттілік тіледі.

 -Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса — ол елдің еңсесі де биік болады. Сіздердей білімге құштар жалынды жастар үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ. Алған білімдеріңіз бен жігерлеріңізді, жастық жалындарыңызды Отанымыз — Қазақстанға арнау Сіздерге жүктелер басты міндет,— деген Қайрат Әскербекұлы жеткіншектерге оқуда озат болып, жоғары білімді маман атануларына тілектестік білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.