Жамбыл облысында «#BestвидеоТуғанөлке» байқауының жеңімпаздары анықталды

0 0

Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың мәжіліс залында «#BestвидеоТуғанөлке» облыстық онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Салтанатты іс-шара барысында байқауға қатысушы оқушылар мен колледж студенттерінің үздік видеолары көрсетілді. Байқау шарты бойынша колледж студенттері мен мектеп оқушылары туған өлке тарихы туралы қызықты видеолар әзірлеген болатын.

Барлық видеолар #BestVideoTуғанөлке2019 хэштегімен білім басқармасының YouTube каналына жарияланып, онлайн дауыс жинады. YouTube видеохостингіне 50 видеоматериал орналастырылып, оның 13-і үздік деп танылды. Жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.