Жамбылдық жастар республикалық форумнан І орын иеленді

0 0

Жамбылдық жастар республикалық форумнан І орын иеленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Табиғатты аяла». Осындай атаумен Қарағандыда жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысынынан 7 оқушы қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.

Жамбыл облысының командасы форумға қатысқан барлық командалардың арасынан жүлделі І орын иеленіп, жеңімпаздарға 6 аталым бойынша бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды.

Байқау барысында қатысушылар қоршаған ортаны таза тұстау, көгалдандыру бағытындағы тың идеяларын ортаға салды. «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем» және «Жасыл экономика», «Жас Оазис» аталымдары бойынша тың жобаларын таныстырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.