Жұмысты жеңілдетуге 55 кеңес

0 7

Қай ортада жұмыс істемеңіз, қай компанияда қызметте болмаңыз, ауырлық үнемі табыла кетпек. Ауырлықтардың алдын алуға 55 кеңес:

1. Әрбір күннің соңында ойланатын сұрақтар: Мансап жолындағы мақсатыңды нақтылы айқындап алдыңыз ба? Соңында неге қол жеткізгіңіз келеді? Мұның бәрі өмірлік мақсатыңызға тура келе ме?

2. Әр күні жұмысқа ерте барыңыз. Сәтті күнге жақсы бастама болсын. Үйге ерте қайта аласыз.

3. Барлығын тәртіп бойынша реттестіріп, тапсырмаларды маңыздылығына қарай жайғастырыңыз.

4. Өзіңізбен бірге орындалуы тиіс тапсырмалар тізімі жүретін болсын.

5. Бір күн істеген ісіңіздің дұрыс жасалғандығына мән беріңіз.

6. Екінші кезектегі тапсырмаларды қалта дәптеріне түртіп алып, қол бос уақытта бастап кетіңіз.

  7. Түскі асты жіберіп алмаңыз. Жіберіп алу зиянды. Оның үстіне, жақсы жұмыс істеу үшін сізге күш-қуат қажет болады.

8. Жұмыс үстелінің алдында тамақтанбаңыз. Көп уақытқа болмасын, таза ауаға шығып тұрыңыз.

9. Ең мерейлі жетістіктерге қол жеткізіңіз.

10. Жұмыстағы әріптестеріңізге көмектесіңіз.

11. Үлкендердің бірімен кешкі асқа барыңыз, пайдалы кеңестер естуіңіз мүмкін.

12. Біреу-міреуге жәрдемші болыңыз. Өмірге басқа қырынан қарауға көмектеседі.

13. Жұмыстағы бастығыңыз сізден не күтеді? Жеке жоспарыңызды жиі қарап жүріңіз.

14. Ең үлкен жетістіктерге қол жеткізе алу өз қолыңызда.

15. Жұмыстағы бастығыңызбен достасып алыңыз.

16. Басыңыздағы проблемаларды біреумен бөлісіңіз. Іште сақтауға болмайды.

17. Жиналысқа, кездесуге, кештерге кешігіп бармаңыз.

18. Жиналыстарға күні бұрын дайындалыңыз.

19. Қатерлі проблемалардың күні бұрын аңғара біліңіз.

20. Бәрін күні бұрын жоспарлап алуға тырысыңыз.

21. Проблемаларды емес, мүмкіндіктер туралы ойланыңыз.

22. Келешек күннің жалпы кескінін ойша оралтыңыз. Қысқа уақыттық емес, ұзақ уақыттық жетістікке қараңыз.

23. Жеке бастың проблемаларына басқаша қарап көріңіз, өзге адамның рөліне кіріңіз.

24. «80/20» қағидасын ұстанып көріңіз. Керексіз заттар мен дерексіз істердің 80 пайызынан құтылыңыз.

25. Барлық жағдайда мүмкіндікті жүзеге асыруға дайын жүріңіз.

26. Жұмыстың ең осал делінген жеріне күш салыңыз.

27. Тапсырма сізге ұнамаған болса, «жоқ» деп айтып үйреніңіз.

28. Өз қолыңыздан келмесе, өзгелерді араластырып көріңіз.

29. Әріптестеріңіздің білігі мен тәжірибесіне арқа сүйеңіз.

30. Шектеулі мүмкіндігіңізге қарамастан, бастық алдында маңызды проблемаларды қозғаңыз.

31. Қарбаластың мәнін анықтап, шешілу жолын қарастырыңыз.

32. Бір нәрсені істеген жағдайда өзіңізге жүлде тағайындаңыз.

33. Әлеуметтік желілерге тіркеліп алыңыз.

34. Жұмыстан бөлек ортада әңгіме-дүкенге араласыңыз. Сіздің өміріңіз жұмыс айналасында жүрмейді.

35. Терең дем алып, үнемі жайбарақат жүріңіз.

36. Келбетіңізді ретке келтіріңіз. Дене сымбаты болашақта да қажет.

37. Әр күн сайын басыңызды артық ойлардан тазалап отырыңыз.

38. Өзіңізге ұнаған әндерді тыңдаңыз.

39. Спортпен айналысыңыз. Әр күн сайын уақыт бөліп тұрыңыз.

40. Жұмыс үстеліңізді ыңғайластырып алыңыз. Белгілі бір уақытыңызды реттестіруге жұмсаңыз. (Жеке суреттеріңізді қойып, арттық заттарды алып тастау секілді істер).

41. Компьютерден алыста тынығу қажет (төмендегі асханаға барып қайту дегендей).

42. Аштықты сезінсеңіз, жеміс-жидектермен қоректеніңіз.

43. Үстел алдында бір стақан су тұратын болсын. Көптеген жұмысшылар бір күнге қажетті су мөлшерін ішпей жатады.

44. Жоспардан бір күнге озып кетіңіз, сосын қарайлап отырыңыз.

45. Өз уақытыңыздың қожайыны болыңыз.

46. Жұмыстан уақытылы шығуды әдетке айналдырыңыз.

47. Бүгін не істеу керек болса, соны ғана істеңіз. Жұмыс ешқайда қашып құтылмайды.

48. Жақсылап ұйықтау. 6 сағаттан кем ұйықтаушы болмаңыз. Өнімділікті арттырады.

49. Ауырып тұрсаңыз, демалыңыз.

50. Мүмкіндіктеріңізді салқынқандылықпен жүзеге асырыңыз.

51. Егер жұмысыңыз ауыр болып бара жатса, есіңізде болсын, бұл жай ғана жұмыс және сізге сол үшін айлық төленеді.

52. Жұмыста жақсы көретін нәрсеге пейіл танытыңыз.

53. Демалысқа шығыңыз. Бір жеңілдеп қаласыз.

54. Жұмысыңызды тастап кетіңіз, егер ол сізге ұнамаса және азапты болса. Өмір, сіз ойлағандай, тек қана азаптанулардан тұрмайды.

55. Жұмысыңызды тастап кетіңіз, егер басқа бір жұмыс шығып тұрса. Қатты шаршаған жағдайда ғана жұмысты ауыстырыңыз.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.