Жамбыл облысында ассамблеяның ХХІІ сессиясы өтті

0 0

«Тұрақтылық пен келісім – әлеуметтік бірлік пен жаңғыру кепілі». Аймақтағы Достық үйінде осындай ататуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІI сессиясы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Кезекті сессияға Жамбыл облысының әкімі әрі ассамблеяның аймақтық төрағасы Мырзахметов Асқар Исабекұлы, облыс ассамблеясының өкілдері мен ардагерлері, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, облыстық мәслихаттың «Бірлік» депутаттық тобы мүшелері, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, мекеме басшылары, Тараз қаласы мен аудан медиаторлары, қалалық және облыстық БАҚ тілшілері қатысты. Аталған іс-шараға барлығы — 280 адам қамтылды. 

Кезекті сессияны өткізудегі басты мақсат ҚХА мемлекеттік органдарымен қоғамдағы этносаралық келісім мен бірлікті одан әрі нығайту, Жамбыл облысы өңіріндегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қатамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.