Жамбыл ауданында 600 түлек ҰБТ-ға қатысады

0 0

Жамбыл ауданы мектеп бітірушілеріне «Алтын белгі» төс белгісі мен «Үздік» аттестатты тапсыру рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

2018-2019 оқу жылында аудандағы мектептерді 600 түлек аяқтаса, олардың 16-сы «Алтын белгі» төсбелгісі, 9-ы «Үздік аттестат» иегерлері.

-«Бүгінгі күн – сіздер үшін ерекше күн. 11 жыл алған білімдеріңнің нәтижесімен ата-ана, ұстаздарыңның үмітін ақтап, келешегінен мол үміт күттірер жас өркен ретінде жаңа өмірге қадам басқалы тұрсыздар. Сіздер сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін, аялап-өсірген ата-аналарыңның үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегері атанып отырсыздар.Аудан жұртшылығы атынан жоғары білімді, білікті маман болып, болашақта туған өлкеміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Барлықтарыңызға ақ жол тілеймін!»— деді Іс- шарада аудан басшысы Бақыт Қазанбасов мектеп бітірушілерге.

Жиында аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы мен білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова мектеп бітірушілерге «Алтын белгі» төс белгісі мен «Үздік» аттестатты тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.