ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы, Шымкент қалалары мен бірқатар облыс әкімдері тағайындалды

0 1

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды, —  деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының  4-тармағына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек —  Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов — Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев —  Ақмола облысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы Оразалин  —  Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов  —  Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев  —  Атырау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов  —  Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы Қошанов  —  Қарағанды облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов  —  Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев  —  Қызылорда облысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов  —  Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов  —  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев  —  Түркістан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов  —  Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                 Президенті                                                                                 Қ.Тоқаев     Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  17  маусым

Leave A Reply

Your email address will not be published.