Жамбыл облысы бойынша Департамент қызметкерлері Тараз қаласындағы аттракциондарға барды

0 2

Жамбыл облысы бойынша Департамент қызметкерлері «ҚазСтИн» РМК — мен бірлесіп Тараз қаласындағы аттракциондарға барды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ағымдағы жылға арналған Жамбыл облысының кәсіпорындары мен ұйымдарында техникалық регламенттерді, стандарттарды енгізу жөніндегі өңірлік жоспардың 1-тармағын орындау мақсатында ҚР ИИДМ ТРМК департаментінің мамандары Жамбыл облысы бойынша «ҚазСтИ» РМК-мен бірлесіп, «Нұрислам» ССО және «Тандамалы», «Корзун» ЖК қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Кәсіпорындарға барудың күн тәртібі келесі мәселелерді қамтыды: аттракциондарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары, Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 038/2016).
Департаменттің бас маманы Анар Тажбенова аттракциондарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын және қауіпсіз монтажды (құрастыру, орнату) және аттракциондарды ретке келтіруді қамтамасыз ету туралы түсіндірді, сондай-ақ әлеуетті биохимиялық қауіп дәрежесіне байланысты рұқсат құжаттары туралы айтты.

Департаменттің бас маманы Еркебұлан Алтынбеков және «ҚазСтИн» РМК мамандары Сәуле Оразгелдиева мен Ұлжан Исахмет жеке кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандартымен таныстырды.

Кездесу барысында ҚР ИИДМ ТРМК департаментінің мамандары Жамбыл облысы бойынша «ҚазСтИн» РМК-мен бірлесіп «Нұрислам» ССО мен «Тандамалы», «Корзун» ЖК өкілдерінің қойылған барлық сұрақтарына толық жауаптар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.