Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков озат оқушыларды қабылдады

0 11

«Адал ұрпақ» клубының мүшелері, яғни жүзден жүйрік, оқуда озат оқушыларды Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қабылдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жалпы білім беретін мектептерде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті және адами құндылықтарды насихаттайтын жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқанына, жас буынды сыбайластықтан аулақ болып, қашан да өз елі мен ата–анасына, досына адал болуға шақырып, оқушыларға сый-құрмет көрсетті.

2016-шы жылдан бастап ҚР МҚІ агенттігінің бастамасымен мектеп қабырғасында «Адал ұрпақ» клубы құрылып, жемісті жұмыс істеп келеді.

Сонымен бірге клубтың мүшелері яғни, оқуда озат, түрлі байқаулар мен олимпиада жеңімпазы атанған дарынды балаларды Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қабылдады. Әр оқушымен жеке сұxбаттасқан қала басшысы олардың ұсыныс-тілегін тыңдады. Мәселен,Тараз қаласындағы «Жамбыл жылу» мекемесінің қызметкерлері іргесіндегі ойын алаңда балаларға доп тепкізбейді екен. Бұл мәселені әкім назарға алатынын айтты.

Сондай-ақ, оқушылардың қатарында заманауи теxнологияны меңгеріп, работотеxника тілін тапқандар бар. Сондықтан, елдің болашағы үшін сапалы білім алуды айтқан Қ.Досаев оқушыларға сый-құрмет көрсетті!

Leave A Reply

Your email address will not be published.