Тараз қаласында қаладағы жолдар мен құдықтарды түгендеу жөнінде комиссия жұмыс жүргізуде

0 2

Бүгінгі таңда қаладағы жолдар мен құдықтарды түгендеу жөнінде арнайы комиссия құрылып, жұмыс жүргізуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қалада жолдардағы құдықтардың ұрлануы бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Бүгінде қалада барлық коммуналдық мекемелердің теңгерімінде 40000-нан аса ирригациялық, су, кәріз, байланыс, жылу құдықтары бар.

Олардың көпшілігін тұрғындар ұрлап,темір қалдықтарын қабылдау пунктеріне өткізуде. Полиция қызметкерлерімен рейдтер өткізілгенмен нәтиже болмай отыр. Бүгінгі таңда темір құдық қақпақтары басқа материалдан (бетон, пластмасса) жасалған қақпақтарға алмастырылуда. Дегенмен олардың сапасы сын көтермейді.Тек 2018 жылы ғана 178 дана құдық қақпақтары ауыстырылды. Жылда қақпақтарды сатып алу бюджетке де салмақ салуда.

13 шағын ауданындағы ашық құдықтардың қақпақтарын қалпына келтіру үшін мердігерге тапсырма берілген. Кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде. Аталған мәселемен күреске қала тұрғындарының атсалысуын сұранамыз. Құдық қақпақтарын ұрлаушыларды анықтап, қоғамға зиян келтірушілердің тиісті жазасын алуға көмектеседі деп сенеміз. 

Аталған комиссияның түгендеу жұмыстары нәтижесінде жолдар мен жол үстіндегі ашық құдықтарды қалпына келтіру жөнінде нақты шаралар қабылданатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.