Жамбыл облысының Полиция департаментінде тренинг өтті

0 3

Жамбыл облысының Полиция департаментінде мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге арналған тренинг өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Жамбыл облысының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастамасымен ПД мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне арналған танымдық тренинг өтті.

Тренингті ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының нұсқаушы-психологы полиция капитаны Зәуре Асаубекова өткізді. Ол қатысушыларға позитивті ойлау және еңбекке қабілеттілік деңгейін анықтауды ұсынды.

— Бұл тренинг біздің қызметкерлер арасында алғаш рет өткізілуде, — деді Зауре Асаубекова.

-Олар әрдайым өз міндеттеріне кәсіби тұрғыда қарайды, бірақ бүгінгі кездесу олардың әрқайсысының жұмыста қаншалықты белсенді екенін, сондай-ақ оның нәтижелілігін, позитивті ойлауды дамыту дағдыларының бар-жоғын анықтауда жаңа пайдалы білім қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тренинг тұлғаның мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі, сондай-ақ оның жеке дамуы мен қалыптасуына ықпал етеді.

Тренингке қатысушылар қызықты тапсырмаларды орындауға қызығушылық танытып, соңында нұсқаушы-психологқа алдағы уақытта қызметте ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін мазмұнды және ерекше сабағы үшін алғыс айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.