Талас ауданында бөлшек сауда тауар айналымы 620,2 млн. теңгені құрап отыр

0 0

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларына бөлшек сауда тауар айналымы 620,2 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 111,7 пайызды көрсетті. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Талас ауданының әкімі Досмаханбет Алиевтің қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімі 2 млрд. 189,8 млн.теңгеге өндірілген. Нақты көлем индексі 102,7% құрады. Бұған қоса мүйізді ірі қара малы 31 016 басты құраған. Қой-ешкі 494 279 басты құрады. Жылқы 12 164 бас болса және түйе 2 480 басты құрап отыр.

Бұған қоса, жыл басынан «Меркі ет комбинаты» және «Оңтүстік халал ет тағамдары» ЖШС-не 5 тонна қозы еті өткізілген.

«Үшарал ауылдық округіндегі «Әден» шаруа қожалығы мал бордақылап, өзінің Тараз қаласындағы консервы өңдеу цехында қой, сиыр, жылқы және түйе етін консервлеп өткізуде. Сол сияқты, «Ақбас» және «Ынтымақ» шаруа қожалықтары 500 бастық және 1000 бастық мал бордақылау аландар салынуда. Қазан айынан бастап малды бордақылау жоспарлануда», — дейді аудан басшысы.

Айтуынша, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Қызыләуіт ауылдық округіндегі «Ынтымақ», «Кәусар» шаруа қожалықтары шет елден 114 бас етті-сүтті бағытындағы «Cимменталь» тұқымды мүйізді ірі қараның аналық басын әкелді. Ал «Қазына» және «Найза-Қызыл» шаруа қожалықтары шет елден 100 бас етті-сүтті бағытындағы ірі қара малын әкелу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қаратау қаласында тәулігіне 2 тонна сүт өнімдерін өндіретін цехты ашу мақсатында жеке кәсіпкер «Сержанов» тарапынан жұмыстар жасалуда. Жобаның құны 28 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда несие алу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

«Қызыләуіт ауылындағы «Кәусар» шаруа қожалығы өз қаржысына 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салып жатыр. Бостандық ауылындағы «Тәжібай» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі биылғы жылы «Ауыл шаруашылығы қолдау қоры» АҚ арқылы несиеге сүт жинайтын танкер және сүт таситын автомашина алып, сүт өнімдерін қайта өңдеу бағытында жұмыстарын жоспарлауда», — деді Досмаханбет Алиев

Leave A Reply

Your email address will not be published.