Президент Арыста болған жарылысқа байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

0 0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыста болған жарылысқа байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет», деп жазды Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.