Жамбыл облысының құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті

0 1

Жамбыл облысының құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 22 маусым күні Тараз қаласының «Динамо» спорт кешенінде «Қазақстан полициясы күні» мерекесі қарсаңында облыстық құқық қорғау органдары және күш құрылымдарының қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өткізілді. Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахытжан Ералин сөз сөйлеп ашып, қызметкерлерді атаулы мерекемен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған жарысқа барлығы 10 құрама команда (Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, Облыстық сот, Экономикалық тергеу департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, ҚР Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімі, Көліктегі полиция департаменті, Тараз қаласы Полиция басқармасы, облыстық Полиция департаменті) қатысты. Тартысты да қызықты өткен жарыс нәтижесінде командалық есепте 1-орынды Тараз қаласы Полиция басқармасы жеңіп алды, 2-орынға Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және 3-орынға облыс Полиция департаменті командалары ие болды.

Сонымен қатар ерекше өнер көрсеткен қызметкерлерге «Үздік ардагер ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік сұрмерген» арнайы номинациялары тапсырылды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс ПД және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы дайындаған арнайы дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.