Таластың мемлекеттік қызметшілері жүлделі болды

0 0

Таластың мемлекеттік қызметшілері жүлделі болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Тараз – Арена» спорт кешенінде «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай облысымыздың мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың 8 түрінен (кіші футбол, үстел тенисі, жүзу, армреслинг, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, гір көтеру түрлерінен) спартакиада өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев іс-шараның ашылу салтанатында сөз алып, келе жатқан барлық мемлекеттік қызметшілердің төл мерекесімен құттықтады.

Жалпы 37 команда бақ сынасқан сайысқа 700-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Оның ішінде Талас ауданынан 15 мемлекеттік қызметші ауданның намысын қорғады.

Нәтижесінде жалпы командалық есепте 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді иеленіп, Талас ауданы әкімдігінің құрама командасы II орынды қанжығасына байлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.