Арыстағы жағдайға байланысты жолда қалған жолаушылар Тараз теміржол бекетінен жөнелтілуде

0 0

Түркістан облысы Арыс қаласында таңертең орын алған оқыс оқиғаға байланысты Оңтүстік бағытқа қатынайтын пойыздар Тараз теміржол бекетінде тоқтап тұр. Жамбылдық жергілікті билік жолаушыларды қажет бағыттарға арнайы автобустармен жөнелтуде. Бұл туралы “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап xабарлайды.

Қазіргі таңда 8 автобус,8 микроавтобуспен 500-ге тарта жолаушы Қызылорда, Алматы бағыттарына жөнелтілген.

Сондай-ақ, теміржол бекетінің маңында орналасқан 15, 24, 18-ші мектептердің спорт залдарында 200 адамға арналған жатын орын мен ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.