Жамбыл облысының әкімі Арыс қаласынан Таразға келген жұртшылықпен жүздесті

0 0

Жамбыл облысының әкімі Арыс қаласынан Таразға келген жұртшылықпен жүздесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласынан Таразға келген жұртшылықпен жүздесті. Бас сауғалап келген ағайынды бауырға басқан жергілікті билік қолдан келер қамқорлықты көрсетуге әзір.

Аймақ басшысының тікелей тапсырмасымен жайлы жатын орын, ас су, медициналық көмек көрсетілетінін болады. Мешітке келген елге қолайлы болуы үшін өз алдына жатақхана ұйымдастырылды. Өйткені мың айтқанмен мешітте жату қолайсыз. Дүмпуден дүрліккен елді сабырға шақырған өңір басшысы тынығу үшін тіпті қарапайым монша ұйымдастырылуын тапсырды.

Жағдай бір жақты болғанша қанша қажет болса сонша жатуына жағдай жасалмақ. Айта кетейік әзірге Жамбылға Арыстан келген ағайын саны 108. Оның 69 ересек қалғаны балалар.

Айта кетейік, кеше 9.20-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім территориясында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны жайлы хабар түскен болатын. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды.

Сондай-ақ, соңғы он жыл ішінде Арыс қаласының маңында төрт рет жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі 2019 жылдың 24 маусымында болған жарылысты бұған дейінгі төтенше жағдайлармен салыстыруға болмайды деп санайды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.