Жамбыл облысында журналистер мерекесіне арналған облыстық байқау өтті

0 2

Жамбыл облысында журналистер мерекесіне арналған «Бір шаңырақ  астында» облыстық байқауы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталмыш іс шараны Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесі ұйымдастырды. Облыстық, қалалық, аудандық БАҚ өкілдері қатысқан іс шараның басты мақсаты — облыстық журналистикадағы этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдардың ауқымын кеңейту және этносаяси тақырыпты қозғаушы журналистерді ынталандыру.

Байқау жеңіпаздарын Жамбыл  облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева марапаттады. Бас жүлдені  Облыстық «Арай» газетінің тілшісі Нұржан Қадірәлі иеленсе,  бірінші орын облыстық «Ұлы шаңырақ» газетінің тілшісі Саятхан Сатылғанов және облыстық «Магнолия» газетінің тілшісі Михаил Бунин  мен «Ақ Жол» газетінің тілшісі Альмира Омароваға тиесілі болды.

Ал екінші орынды  Облыстық «Жамбыл телеарнасы» және Республикалық «Казахстанская правда» газеті иеленсе, үшінші орын  Облыстық  «Жамбыл Тараз», «Знамя труда»,  және «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігіне бұйырды.

Байқау соңында барлық қатысушыларға диплом және ақшалай сыйлық берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.