Садақ атудан Қазақстан командасы Токиодағы тестілік турнирге қатысады

0 0

10-19 шілде аралығында Жапония астанасы Токиода садақ атудан халықаралық тестілік турнир өтеді.

Осыған орай садақ атудан Қазақстан құрама командасы Алматы облысы Талғар қаласы маңындағы АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.  Жаттығу жиыны 30 маусымда басталмақ. 9 шілдеге дейін жалғасатын дайындық кезеңіне ұлттық құрама мүшелері түгел қатысады.

Ал Токиодағы турнирге мына спортшылар қатысады: Ильфат Абдуллин, Сұлтан Дүзелбаев, Санжар Мұсаев, Қаракөз Асқарова, Гаухар Игібаева, Алина Ильясова. Команда бас бапкері – Григорий Ким.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.