Арыс тұрғындарын қайта құжаттандыру басталды

0 0

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жарылыстан зардап шеккен тұрғындарды қайта құжаттандыру басталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаладағы эвакуациялау пункттерінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары зардап шеккендерге кеңес беріп, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз етуде.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп, қаладан құтқарылған және эвакуациялау орындарына жеткізілген адамдардың тізімін жасауға жәрдемдесуде.

Бүгінгі таңда бұл жұмыстар Шымкент қаласында 15 және Түркістан облысының Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Шардара аудандары мен Арыс маңындағы ауылдары үшін 13 эвакуациялау орны жанынан арнайы ашылған пунктерде ұйымдастырылған.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетіп, мобильді ХҚО жұмыс істеуде. Қызметкерлер зардап шеккендерге ақпараттық анықтамаларды алып беріп, құжаттарды қалпына келтіру бойынша қажетті қағаздарды әзірлеуде.

Бұл ретте тұрғындарды құжаттандыру бойынша миграциялық қызмет басқармасымен жедел түрде ықпалдасу шаралары қолға алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.