Таңғы сағат алтыдан бастап Арысқа 5,5 мыңға тарта тұрғын оралды

0 8

Таңертеңгі сағат алтыдан бастап Шымкенттегі 53 эвакуациялық пункттен Арыс тұрғындары өз үйлеріне оралуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 8:00-ге дейін  бас-аяғы 78 автобус пен қоғамдық көлік аттанып кеткен, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Арысқа кеткен қоғамдық көліктерде  шамамен 5 жарым мыңға тарта адам отырғызылған. Мәселен, орталық мешіттен 15-ке тарта қоғамдық көлікпен 400-ден аса мініп кетті. Ол азаматтар осы жердегі ағайын-туыстарының үйлерінен келіп, кетіп жатқандар болатын.

Сондай-ақ,  Арысқа қайтушылардың қатары уақыт санап өсуде. Бұдан басқа  өздерінің көліктерімен кетіп жатқан азаматтар да бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.