Жамбыл облысында 66 мектепке дейінгі ұйым ашылған

0 0

Жамбыл облысында 2018 жылы бойынша 6041 орындық 66 мектепке дейінгі ұйым ашылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырованың қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Облыста 535 мектепке дейінгі білім мекемелерінде 55 207 бала, 171 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 14 984 бала тәрбиеленуде.

Сондай-ақ, биыл 2899 орындық 27 мектепке дейінгі ұйым ашу көзделуде.Оның ішінде 390 орындық 5 жекеменшік балабақша ашылды.

Бұған қоса, 2018-2019 оқу жылында облыстағы 446 жалпы білім беретін мектептерді 222 801 оқушы бітірді. Ал бітіруші 8813 түлектің 75-і ЖОО грант иегері атанған.

Ағымдағы жылдың 11 маусым күні «Достық үйінде» облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбековтың халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесу өтті. Кездесуге барлығы 94 дарынды оқушы қатысып,облыс әкімінің 100 000 теңге серификатымен марапатталған

Leave A Reply

Your email address will not be published.