Тараз қаласының ПБ бастығы облыс орталығының тұрғындарымен кездесті

0 16

Тараз қаласының ПБ бастығы облыс орталығының тұрғындарымен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ағымдағы жылдың 28 маусымында «Қауіпсіз аула» акциясы аясында облыс орталығының жүзден астам тұрғыны Тараз қаласының мөлтекаудандарындағы көп қабатты үйлердің аулаларында қабылдау ұйымдастырған.

Тараз қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ардақ Мадимаровқа жеке өтініш білдіру мүмкіндігін пайдаланған болатын.

Тұрғындар полиция полковнигіне қылмыстық және әкімшілік заңнамалар аясында түрлі сұрақтар қойды. Өтініштердің бір бөлігі профилактикалық сипатта болды. Қабылдау барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы бастығы бірқатар мәселелерді сол жерде шешті, ал кейбір мәселелер бойынша өз қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді.

Тұрғындардың пікірінше, қалалық Полиция басқармасының басшысымен қарым-қатынас жасау кезіндегі ашықтық пен қолайлылық жедел және нақты нәтиже алуға мүмкіндік береді, бұл әрі қарапайым азаматтар тарапынан құқық қорғау органдарына ризашылық пен сенім тудырады.

Осындай кездесулерді алдағы уақытта да өткізу жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.