Жамбыл облысында 2194 орындық 15 мектепке дейінгі ұйым ашылды

0 2

Жамбыл облысында 2194 орындық 15 мектепке дейінгі ұйым ашылды, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жамбыл облысында мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың саны 545-ке жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырова мәлімдеді.
Бүгінде мектепке дейінгі білім мекемелерінде 55207 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1-6 жас аралығында қамтылғандар үлесі 84%-ға, 3-6 жас аралығында 98%-ға артты.

Мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейтудің бір жолы – жекеменшік әріптестікті тарту. Осы мақсатында ағымдағы жылы өңірде 2194 орындық 15 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бүгінде облыста 171 жекеменшік балабақша қызмет етеді. Онда 14984 бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі ұйымдарға балалар 1 жастан 6 жас, ал мектепалды даярлық топтарына 5 жастан 6 жас аралығында қабылданады. Мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына жеткен балаларды мектепке дейінгі ұйымнан босату 1 тамызға дейін, ал балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес топтан-топқа ауыстыру 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, мектепке дейінгі ұйымдарға балалар бос орын болған жағдайда жыл бойы қабылданады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.