Талас ауданындағы 13 елді мекені ауыз су жүйесіне қосылған

0 1

Талас аудандағы 23 ауылдық елді мекеннің бүгінгі күні 13 елді мекені ауыз су жүйесіне қосылған. Сол сияқты Қаратау қаласы ауыз су жүйесіне 100 пайыз қосылған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Есейхан ауылында су құбыры жүйесінің құрылысына 2018 жылға 302 млн. 201 мың теңге бөлінген, 2019 жылы жұмыстарды аяқтауға 303 млн. 359 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сметалық құны 620 млн. 857 мың теңге. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қазан айында.

Сонымен қатар, Қасқабұлақ ауылындағы су жүйесінің құрылысына 767 млн. 178 мың теңге бөілініп, жұмыстар жүргізілуде. Нысан үстіміздегі жылдың аяғында пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек, Майтөбе ауылын су жүйесінің құрылысына 111 млн. 111 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 336 млн. 707 мың теңге. Қаратау қаласындағы нысандарға ауыз судың сервистік жүйенің қалпына келтіру нысанының құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 62 млн. 892 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

1963 жылы пайдалануға берілген Көктал су қоймасынан шығатын 32 шақырымды құрайтын су құбырының тозығы жеткен. Бұл бойынша облыстық бюджеттен 11 млн 609 мың. теңге бөлінген және жоба құны 2 млрд. 848 млн.300 мың теңгені құрап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.