Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша жамбылдық 180 құрылысшысы жұмылдырылды

0
59

Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 180 құрылысшысы жұмылдырылған. Олар қазіргі таңда 43 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын қызу атқаруда. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды “Zhambylnews” Ақпараттық Агенттігі.

Бүгін жоспар бойынша 5 үйдің жұмыстары толығымен аяқталады деп күтілуде.

Бұған дейін xабарлағанымыздай Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда барлығы 327 жеке тұрғын үй, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған.

Бүгінде ол 327 жеке тұрғын үйдің барлығы толығымен зерделеніп, ақау актілері толтырылды. Сметалау жұмыстары жасалуда.

Нәтиежесінде қираған 3 үйдің екеуі басынан бой көтеретін болса, біреуіне толық жөндеуден өтеді. Қалған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Бұған жұмсалатын шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жиналған қаражаттан қарастырылуда.

Айта кетейік, құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті құрылыс материалдары күн сайын жеткізілуде.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here