Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың аудандарға сапары Мойынқұм ауданында жалғасын тапты

0 2

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың аудандарға сапары Мойынқұм ауданында жалғасын тапты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатын көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрген аймақ басшысы ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ең алдымен Бірлік ауылдық округінде болған өңір басшысы ондағы тұрғындардың үй іргесінде орналасқан қосалқы шаруашылықтарымен танысып, ауылдағы ағайынның талап-тілегіне құлақ түрді. Ал, облыс орталығынан құмды өлкеге арнайы барған жұмыс тобы өздеріне бөлінген барлық ауылдық округтерге барып, «Қарапайым заттар экономикасы» жобасының елді мекендерде жүзеге асырылуын көріп қайтты.

Түстен кейін аудандық мәдениет үйінде өткен қорытынды жиында әр ауылдық оркугке бөлінген жұмыс тобының жетекшілері ауылдардағы ахуалды баяндап, атқарылған жұмыстар мен кемшіліктерді облыс басшысының назарына ұсынды. Нәтижесінде, ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтерде әкімдердің салғырттыққа жол бергені белгілі болды.

Өз кезегінде Асқар Исабекұлы ауданда атқырылып жатқан жұмыстарды сын тезіне алып, аудан әкімі Мәден Мұсаевқа нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, облыс көлемінде қолға алынып жатқан «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы арқылы ауылдағы тұрғындар түгелдей қамтылып, олардың тұрмыс деңгейін көтеру үшін аудан әкімдігі жұмыла жұмыс жасау керектігін баса айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.