Тараз қаласының әкімі «Жамбыл — адалдық алаңы» аясында ашылған сервистік әкімдікте болды

0 0

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департементімен бірлесіп «Жамбыл — адалдық алаңы» аясында жаңа форматта қызмет көрсететін сервистік әкімдіктің ашылу салтанатына қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жобаның басты мақсаты — азаматтардың мемлекеттік органдарының тұрғындар үшін қолжетімділігін арттыру және кедергісіз орта(open space) қалыптастыру болып табылады.

Оpen space форматында кеңседе қызмет ететін әкімдіктің жер қатынастары мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары бір жерге шоғырландырылды.

Жұмыс кеңістігінің ерекшелігі мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқартуға арналған және мемлекеттік қызметшілерге әдеттегі бюрократиялық жолмен міндеттерді шешуден аулақ болуға, қызметтерді алудың жеделдігі мен ыңғайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындар аталған бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін бір жерде «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады, ал органдар басшылары халықпен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мәселелері бойынша диалогтық алаңдарды ұйымдастыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.