Таразда бала ұрлығымен айналысты деген күдікпен 22 жасар тұрғын ұсталды

0 0

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Тараз қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына әйел адамы хабарласып, облыстық перинаталдық орталықтан оның жаңа туған нәрестесін алып кеткенін айтты. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Баланы іздестіру операциясын Тараз қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ардақ Мадимаров басқарды. Қылмыстың ашылуына облыс орталығының Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белсенді қатысып, олардың күштерімен бейнекамералардағы материалдар зерттелді.

Сондай-ақ, жақын маңдағы барлық тұрғын үй секторы, қонақ үйдің барлық нөмірлері тексерілген.

Нәтижесінде нәресте қонақ үйлердің бірінен табылды. Баланы алып кетті деген күдікпен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының 22 жасар тұрғыны ұсталды. Ал ауыр қылмыс екі сағат ішінде ашылып, бала анасына қайтарылды.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кеті. Қазіргі уақытта оның кішкентай сәбиі бар екені ескеріле отырып, бұлтартпау шарасы қарастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.