Қазақстанға Ресейден құс еті мен жұмыртқа әкелуге рұқсат етілді

0 0

Қазақстан Ресейдің Нижегород облысынан құс еті мен жұмыртқа әкелуге салынған уақытша шектеуді алып тастады. Бұл өңірде құс тұмауы бақылауға алынған.

«Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Нижегород облысында құс тұмауы бойынша жағдайдың тұрақтануына байланысты бұған дейін енгізілген уақытша шектеуді алып тастады», — деп жазылған Ресейдің Калининград облысы бойынша Россельхознадзор басқармасының сайтында. Облыста тиісті кешенді шаралар қолға алынған.

Айта кетейік, өткен жылдың шілде айында Қазақстан Ресейден құс етін әкелуге уақытша шектеу қойған болатын. Өйткені Орлов, Ростов және Нижегород облыстарында құс тұмауы тіркелген.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.