Тараз тұрғынынан 21 келіден астам кептірілген марихуана табылды

0 0

Тараз тұрғынынан 21 келіден астам кептірілген марихуана табылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 8 шілдесі күні Тараз қаласының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығында патрульдеу кезінде қала көшелерінің бірінде «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлік салонын тексеру барысында тәртіп сақшылары салмағы 21 келі 360 граммды құрайтын екі қап өсімдік затын тапты. Сараптама оның марихуана екенін көрсетті.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.