Жуалы ауданында «Жас кәсіпкер-2019» атты жиын өтті

0 0

Жуалы ауданында  Б.Момышұлы ауылы «NURAI PLAZA» бизнес-кешенінде «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «ЖАС КӘСІПКЕР-2019» атты ауданның жұмыссыз жастары арасындағы өз кәсіптерін ашуға ниетті жастардың қатысуымен жиын өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ  «Жас кәсіпкер» курсына қатысушы жастарға қажетті құжаттамалар мен қайтарымсыз 505 мың грант және өз кәсіптерін ашуға қажетті несие алам деушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жастарды кәсіпкерлікке оқытатын «Жас кәсіпкер» курсы ағымдағы жылдың 22 шілдесінен бастап оқыту жоспарланып отыр.

Аталған курстан өтетін жастар ауданда шағын кәсіпкерліктерді (Тауық, қаз, үйрек өсіру, наубайхана, кондитер, шаштараз, сұлулық салоны, ТЖО т/б) дамыту мақсатында қайтарымсыз 505 мың теңге грантқа қатысуға ниет білдіріп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.