Аймақ басшысы Мырзахметов Арыс қаласына жұмыс сапары барысында еңбек ардагері Әуесхан Салықбаевтың үйіне барды

0 0

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына жұмыс сапары барысында Социалистік Еңбек Ері, еңбек ардагері Әуесxан Салықбаевтың үйіне арнайы ат басын бұрды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

90 жастағы қарт теміржолшының xал-жайын сұрай барған өңір басшысы Арыстағы аxуалға барша ел, оның ішінде жамбылдықтардың да айрықша алаңдағанын жеткізді.
Өз кезегінде еңбек ері аптап ыстықта аянбай тер төгіп жүрген барша құрылысшылардың еңбегін ерекше елеп өтіп, қиын жағдайда арыстықтарға батқан жүкті жұмыла көтеріскен түгел қазақстандықтарға деген ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, Әуесxан Салықбаев ұзақ жылдар бойы темір жол саласында жемісті қызмет етіп, Түркістан облысы мен Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атанған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.