Боянудағы айла-тәсілдер

0
124

Бояу — аз уақытта қарапайым қызды ханшайымға айналдыратын сиқырлы таяқша. Алайда өмір бойы боянып, «ең, ең» деген бояуларды пайдаланатындардың өздері оның қандай мүмкіндіктері бар екендігін біле бермейді.

1. Егер қолыңызда көлем беретін тушь жоқ болатын болса, үгілмелі опа пайдаланыңыз. Опаны кірпігіңізге сеуіп, кейін тушь жақсаңыз, кірпігіңіз қалың әрі үлпілдеген болады.

2. Кешкі кездесу алдында бетіңіздегі бояуды тез арада дұрыстап жібергіңіз келсе, сізге суланған қағаз майлық көмектеседі. Күндізден бері жиналған бетіңіздегі шаң-тозаңды қағаз майлықты сулап алып бар бетіңізді сүртіңіз. Осыдан соң бетіңізге кішкене опа жағып қойыңыз.

3. Бетіңіздегі опа-далап жаңа ғана жағылғандай көріну үшін тональді крем қолданар алдында база пайдаланбаңыз. Үстінен опа, далап (румяна) жағыңыз да мұз текшесінен 3 дана алып, шеңбер қозғалыспен бетіңіздің бүкіл бөлігін қамтып, мұзды жүргізіңіз. Бояуыңызды құртып аламын деп алаңдамаңыз, мұз текшенің әрбіреуін ерімей тұрып қолданыңыз.

4. Солғын, шаршаңқы теріні бояу жақпай тұрып сергітіп алуға болады. Ол үшін лимон шырынын сумен араластырып (суын лимон шырынан көптеу қылу керек), бетіңізді шайыңыз. Қоспаның әсері қымбат лифтинг құралдармен бірдей.

Дереккөз: massaget.kz 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here