Жамбыл облысының оқытушылары мен студенттері адалдық пен парасат қағидаларын меңгерді

0 0

Жамбыл облысының оқытушылары мен студенттері адалдық пен парасат қағидаларын меңгерді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының бастамасымен ұйымдастырылған «Парасат мектебіндегі» оқу курсы аяқталды.

Тыңдаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жобалық жұмыстарын қорғады, арасында «Жамбыл-адалдық алаңы» аясында оқу орындарынан «Ашық алаң» телестудиясын ашу жобасының таныстырылымы өтті. Мақсаты айқын жоба қолға алынса, студенттер арасында сыбайлас жемқорлық зардаптары кеңінен насихатталатын болады. 

Қатысушыларға сертификаттар берілді. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.