Жамбыл облысында жас өрендер сынға түсті

0 0

Жамбыл облысында жас өрендер сынға түсті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Айбек-Арена» стадионында «Балдәурен» Республикалық жарысы өтті.

Додаға 1-2 сынып оқушыларынан құралған 8 команда өзара сайысқа түсті. Ойын қызықты да тартысты өтіп, жанкүйерлер тақымын қысып отырды.
Нәтижесінде жалпы командалық есепте 1-сынып оқушылары арасында I-орынды Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Киікбаев мектеп гиназиясының командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ-орынды Алматы қаласы М.Әуезов ауданындағы Жансүгіров атындағы №130 мектеп гиназиясының командасы иеленсе, III-орын Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы №5 оорта мектебінің командасына бұйырды.

Ал 2-сынып оқушылары арасында I-орынды Тараз қаласындағы №12 мектеп гиназиясының командасы жеңіп алса, II-орынды Маңғыстау облысы Қарақия ауданы №5 орта мектебінің командасы қанжығасына байлады. Жүлделі III-орын Алматы қаласы М.Әуезов ауданы Жансүгіров атындағы №174 мектеп гиназиясының командасына бұйырды.

Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен бірқатар қатысушалыр дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.