Тележүргізуші Дана Нұржігіт депутат болып тағайындалды

0
39

Көпке белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт сенат депутаты болып тағайындалды, – деп хабарлайды “Zhambylnews” АА  “stan.kz” ке сілтеме жасап.

Сүйінші хабарды тележүргізушінің өзі парақшасында хабарлады. “ҚР президентінің жарлығымен ҚР парламентінің сенат депутаты болып тағайындалдым”, – деп жазды ол.

Әр жылдары бірнеше бағдарлама тізгінін ұстаған, телеэкранның көркіне айналған, көрерменге ой саларлық салмақты бағдарламаларды жүргізген Дана Нұржігіт ҚР парламенті сенатының депутаты болды.

Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіров сенаторлар болып тағайындалды,

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жүсіп Нұртөре Байтелесұлы және Шәкіров Асқар Оразалыұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып тағайындалды», – делінген сайтта.

Нуртөре Жүсіп – белгілі журналист және қоғам қайраткері.

Асқар Шәкіров бұған дейін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.

 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here