Жамбыл облысындағы «Ақыртас» кешені мен «Айша бибі» мавзолейі ерекше тартымды туристік нысандар тізімінде

0 7

Жамбыл облысында  3 365 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері орналасқан. Оның 5-уі  ЮНЕСКО-нің дүниежүзілік мұралар тізіміне енген. Бүгінгі таңда тарихи орындарды көруге келетін туристердің санын артып келеді. Туризм саласындағы жұмыстар мен жоспарлар туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында   Қарылғаш Аралбекова жан-жақты баяндады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Агенттігі.

Облыстық туризм басқармасының басшысы алдымен аймақтағы тарихи –мәдени ескерткіштерге тоқталды. Қазір өңірде 3 365 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 2 934 археологиялық, 111- тарихи, 97 архитектуралық.  Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 5 нысан ЮНЕСКО-нің дүниежүзілік мұралар тізіміне енген. Ал  «Ақыртас» сарай кешені және «Айша бибі» мавзолейі Еуразия экономикалық ынтымақтастық ұйымының  «Ерекше тартымды туристік нысандар» тізіліміне енгізілген. Бұдан өзге өңірде  5 қорықша, 6 санаторлық-сауықтыру мекемелері, 10 балалар лагерлері орналасқан.

 Жамбыл облысында туризмнің тарихи-мәдени, археологиялық, экологиялық, медициналық-сауықтыру, балалар және жасөспірімдер, аң, балық аулау секілді түрлерін табысты дамытуға болады. Бұл бағытта, облыстың 33 туристік нысаны кірген 12 туристік маршрут әзірленді, аталған нысандарда мемлекеттік стандартқа сай келетін қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі көрсеткіштер мен ақпараттық стендтер орнатылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 маусымда Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуде туризм саласына қатысты Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстары аумағымен өтетін «Жаңа Жібек жолы» экспедициялық  бағытын әзірлеу  бойынша қадамдық іс-қимыл жоспары әзірленді -деді басқарма басшысы.

   Сондай-ақ, туризм инфрақұрылымын дамыту  бойынша да  6 нысан  іске қосылған. Олардың қатарында  «Жастар аллеясы», «Үшбұлақ жағажайы», «Жеңіс паркі» бар.      Бүгінде бұл нысандар аймақ тұрғындарының игілігіне қызмет етуде.

 Өңірге келетін туристер легінің артуына  логистиканың да ықпалы зор. Бұл бағытта  «Fly Arystan» компаниясы ағымдағы жылдың 1 мамыр күнінен бастап жолаушыларға «Алматы-Тараз-Алматы» бағыттарындағы рейсті қолданысқа берді. Аталған бағыттың ашылуы  ішкі туризм бойынша келетін туристер легін ұлғаюына септігін тигізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.