Жамбыл облысына келетін туристердің саны артып келеді

0 5

Жамбыл облысында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен көркем табиғатты тамашалауға келетін  туристердің саны артқан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,4 пайызға өсті,- деді туризм басқармасының басшысы Қарылғаш Аралбекова  «Өңірлік коммуникация қызметінің» алаңында өткен брифингте. Бұл туралы «Zhambylnews» АА жазады.

  -Туризм саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесінде облыста туристер легінің өсу динамикасы байқалуда. 2019 жылғы қаңтар-наурыз қорытындылары бойынша облыста келушілерді орналастырумен шұғылданатын орналастыру орындарының саны 181 бірлікті құрады. Олармен 30984 адамға қызмет ұсынылып, қызмет көрсетілген келушілердің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 21,4%-ға артты.

  Есепті кезеңде орналастыру орындарында 261759 мың теңге сомасына қызмет көрсетілді,-деді басқарма басшысы.

 Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2019 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы (6 ай) туризм саласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың аумақтық көлемі – 3 млрд 521 млн 639 мың теңгені құраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.