Жамбыл облысында ЖД-158/7 мекемесінде «лақтыру фактісі» орын алды

0 8

ЖД-158/7 мекемесінде «лақтыру фактісі» орын алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

 ЖД-158/7 мекемесінде тағы да құқықбұзушылық орын алды. Құйтырқы іске барғандар А.Асқаров көшесі бойынан қапас қоршауын асырып,белгісіз затты ішкі күзет аумағына лақтырған. Жедел топ іздестіру-тергеу шараларын ұйымдастыру барысында №2 аумақ 3-нысан жанынан бөгде зат тәркіленді.

Оқиға орнына Тараз қалалық 1 полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылып, полителен орамды ашу кезінде арнайы иісті жасыл түсті кепкен өсімдік, сондай-ақ «Хуавей» маркалы ұялы телефоны мен 3 бірлікте симкарта бар екендігі анықталған.

Арнайы сот-медициналық сараптама көрсеткендей, күмәнді зат есірткі өнімі, яғни 85,95 грамм салмақта «кептірілген марихуанна» болып шықты. Ал қылмысқа барған П есімді азамат ізін суытпастан ұсталып, тиісті жазасын алатын болады. Қазіргі таңда талдап-тергеу амалдары жүзеге асырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.