Жұмыспен қамту – білім сапасының басты көрсеткіші

0 1

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың бүгінгі күнгі халыққа  Жолдауында, еліміздің өркениетті дамуына қатысты және барлық салаға байланысты мәселелер қамтылды. Білім саласының маманы ретінде «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезені» бөліміндегі білім беру сапасын жақсарту мәселесі мені де алаңдатады.

 «Білімді алу жеткіліксіз, оның қолдану аясын анықтау керек», — деп өз заманында неміс философы И.Гете атап өткендей, білімгердің алған білімінің нәтижесі, әрине оның жұмыспен қамтылуымен, табыс алу көрсеткішімен өлшенеді.

Бітіруші жұмыспен қамтылу барысында қандай мәселелерге кезігеді? Бірінші кезекте ол тәжірибесінің жоқтығымен, жасырын емес жоғары оқу орнында алған білім тек теориялық болып тұр. Университетте оқытудың теориялық бағыты түлектерді жұмысқа орналастыруда белгілі бір қиындықтар туғызады. Экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып, мамандарды даярлау деңгейіне жету, өндіріспен байланысты нығайту үшін университеттер жұмыс берушімен бірлескен оқу бағдарламаларын дамытуға, кәсіби практиканың сапалы жүргізуге көңіл бөлу қажет.

Бағдарламаны іске асыру мынадай үш бағытта жүзеге асырылатын болады. Бірншіден   өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және еңбек нарығында олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, еіншіден    Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, ншіншіден   еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. Сондай-ақ бағдарламаны тиімді іске асыру үшін аудандық қалалық деңгейде Халықты жұмыспен қамту орталықтарын құру жоспарлануда.

Тәжірибе жинақтау және одан әрі практика өту орнында жұмысқа орналасу мүмкіндігі, жоғары оқу орындары түлектерінің арасындағы жұмыссыздық деңгейін едәуір төмендетуі мүмкін.Жас мамандарды сәтті әлеуметтендіру, кәсіби тәжірибе жинақтау, өзін дәлелдеп, әрі қарай жұмысқа орналасу үшін мемлекет түлектерге «Дипломмен ауылға»,«Жастар тәжірибесі», «Жастар резерві» сынды көптеген бағдарламалар ұсынуда. Ендігі кезекте жоғары оқу орындары да, жұмыс берушілер де, Президент ұсынысына ортақ шешім табуға ат салысу керек.

Джолдасова Орынқыз Көпбосынқызы,

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.