Талас ауданы Азия чемпионатынан жүлделі оралған жас палуанды күтіп алды

0 2

Талас ауданы Азия чемпионатынан жүлделі оралған жас палуанды туған ауыл тұрғындары құрметпен күтіп алды. Тамды ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде Айдар Бескемпірмен кездесу өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Басқосу барысында ауылдық округі әкімі Саят Момбеков жас палуан мен оның жаттықтырушылары Бауыржан Бекұзақов және Нариман Әйтеновке спорт саласындағы жетістіктері үшін Алғыс хаттарды табыс етіп, кездесу иесінің иығына шапан жапты. Сондай-ақ, боз кілем шеберіне ізгі лебізін жеткізген «Тәңкібай ата» мешітінің имамы Нұрбол Төреқұлов арнайы сыйлықтарын табыс етті.

Ересектер арасындағы жарыста енді ғана бақ сынап жүрген жерлесінен жүлде күтті. Артылған сенім ақталды.

Одан бөлек, кездесуде «Тамды» бастауыш партия ұйымының төрағасы Рауан Асқаров, ауданның Құрметті азаматы Өмірзақ Дүйсенбиев, Айдардың сынып жетекшілері, туыстары мен ұстаздары және сыныптас достары ақ тілектерін арнады.

Кеште жиылғандар назарына жас палуанның спорттық жолынан қысқаша көрсетілім ұсынылып, кездесу кейіпкеріне сұрақтар қойылды.

Шара соңында мәдениет   үйінің меңгерушісі Халила Момбекова, Қойгелді орта   мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бағила Қоңырбаева сары құрлық біріншілігінен олжамен оралған ауыл тумасына сәттілік тілесе, ауыл ақсақалы Досымбек  Ошақбаев ақ батасын берді.

Келушілерге «Көңілашар» үштігі бастаған ауыл  өнерпаз­дары  концерттік бағдарлама­ларын ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.