Болашаққа бағытталған оңтайлы қадам

0 5

Қазақстан Республикасы Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында Мемлекет  басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына өзінің алғашқы Жолдауын  жолдады. Бұл Жолдаудан  қазақстандықтар  жаңа  өзгерістер  мен  ауқымды жаңалықтарды күткені белгілі.

Мемлекет  тізгінін  ұстаған алғашқы күндерден бастап –ақ Қасым — Жомарт Кемелұлы  кездесулер мен баяндамаларында елдің  әлеуметтік  жағдайы мен  сыбайлас жемқорлық пен күреске аса мән беріп, оларды  оңтайлы шешу  жолдарын  ұсынғанын да білеміз.

Міне,өзінің  алғашқы Жолдауын­да мемлекет басшысы  әлеуметтік  салаға  арнайы тоқталды. Бұл күнде елімізде 1миллион 800 мың адам әлеуметтік көмекпен қамтылса, олардың тізімін қайта қарап, келер жылдан бастап, әлеуметтік саланы дамыту, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың сұраныстарын өтеу және бизнесті қолдап, әркімнің күнкөріс қамын  жақсарту  үшін мемлекет тарапынан 250 миллиард теңге бөлінетінін жеткізді. Бұл бәріміз үшін айтарлықтай қуаныш болды.

Сондай – ақ, Президент әлеуметтік саланың дамуының басты өзегі мемлекеттік органдар екенін  баса айтып, азаматтық қоғам мен Үкімет арасындағы сындарлы сұхбатқа жол ашып, екі арадағы байланысты  нығайту керектігін де баса айтты. Мемлекет басшысы осы бағытта алғашқы күннен –ақ Ұлттық келісім кеңесін құрған -ды. Бұл бастама халықтың зор үмітін  оятып, қолдауға ие болған еді.

Мемлекет басшысы сонымен қатар, ұлттық компаниялар қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді 2024  жылға дейін бес жылдың ішінде  25 пайызға қысқартуды тапсырды. Президент аппараты жанынан мемлекеттік қызметшілер жұмысын қадағалайтын арнайы бөлім ашылатынын да қадап айтты.

Осының бәрі мемлекетіміздің ертеңі, ұлт болашағы үшін қолға алынған мәселелер екені бізді қуантады, ертеңгі күнге деген  сенімімізді нығайта түседі.

Жолдауда тарихи маңызы бар көп мәселелер қозғалып, барлық салаға екпін берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы алғашқы Жолдауында айтылған мәйекті мәселелер мен тапсырмалар  барша қазақстандықтардың үмітін үкілеп, жасампаз істерге бастайтыны сөзсіз.

Айжан  Мұхамеджанова,

«Дания» бөбекжай бақшасының меңгерушісі,

Талас ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.