Талас ауданындағы «Дулат» шаруа қожалығы өз бағытымен жұмыс жасауда

0 6

Жамбыл облысында етті экспортқа шығару жұмыстары мықтап қолға алынды. Мәселен, былтырғы бір жылдың ішінде ет өндірісі – 4,1%-ға, сүт өндірісі – 2,8 %-ға артты. Ағымдағы жылы жалпы саны 2 500 тонна, оның 1000 тонна сиыр еті мен 1500 тонна қой етін экспорттау жоспарланған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазіргі таңда етке деген сұраныс жоғары болғандықтан, әсіресе қой шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың саны артты. Мәселен, Талас ауданындағы «Дулат» шаруа қожалығы бүгінде осы бағыттағы жұмыстармен айналысады. Өзінің қолда бар азғантай малын көбейтуге кіріскен еңбеккер «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы мемлекеттен несие алған.

— «Жалпы, Талас ауданында биылғы жылы да мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2000 бас қой мен ірі қара, жылқы малын алу көзделіп отыр. Ол өңірде ет экспортын арттыру бағытындағы жұмыстарды алға бастырады», — дейді Тахфир Ғайсин «Дулат» шаруа қожалығының жетекшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.